Петропавлда дүлей дауыл тұрғындарды әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда дүлей дауыл тұрғындарды әбігерге салды

23.05.2018

Петропавлда кеше кешкісін дүлей дауыл соғып, бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкетті. Ағаштар құлады. Тіпті қатты желге құрылыс краны да шыдас бермеді. Қаладағы 4 ғимараттың шатыры желмен ұшып кетті. Шаһарда екі автокөлікке ағаш құлап, жарамсыз болып қалды. Ауа райының «тосынсыйы» туралы алдын ала хабарлама болмағандықтан, жұрт біраз дүрлікті. Шаһардың кей аудандарында тұрғындар жарықсыз, сусыз қалды. Абырой болғанда зардап шеккен азаматтар жоқ. Ал, материалдық шығын әлі де есептеліп жатыр. Бүгін өңірде дауылды ескерту жарияланды. 

Дмитрий Растихин, Петропавл қаласы Төтенше жағдай жөніндегі басқармасының бастығы:

- 23-мамырға да дауылды ескерту жарияланып отыр. Желдің екпіні секундына 23-28 метрді құрайды деп күтілуде. Мұндай ауа райы күні бойы сақталып қалады. Кешегі күні синоптик мамандар қатты жел туралы бізге ақпарат берген жоқ. Сондықтан, біз халықты ескертіп үлгермедік. «Қазгидромет» мамандары 23-мамырға ғана болжам жасап берді.

 

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу