Өскеменде 4 миллиард теңге қаражат бөлінген құрылыс кешені жарамсыз күйде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 4 миллиард теңге қаражат бөлінген құрылыс кешені жарамсыз күйде тұр

23.05.2018

Машина құрылысы мамандарын даярлауға арналған оқу кешеніне бөлінген қомақты қаржы тиісті мамандардың жауапсыздығынан талан-таражға түсті. Ғимараттың құрылысы бітуге таяп, ішкі бөліктерінің жұмыстары қалған болатын. Алайда, 1,5 миллиард теңге мемлекет қаржысы жымқырылғаны анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Сөйтіп кешен құрылысы күрт тоқтады. Ал, жоспар бойынша 2011 жылы іргесі қаланған нысан 1,5 жылдан соң қолданысқа берілуі тиіс еді. Содан бергі жыл ішінде ғимарат іске жарамсыз болып қалды. Қазір нысан Өскемен қалалық әкімдігінің қарамағына өткен. 

Әсем Қайратбек, Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Ағымдағы жылы бұл ғимаратты, яғни, құрылысы тоқтап қалған қалпында қалалық әкімдік құрылыс бөлімінің балансына берілді. Қазіргі уақытта техникалық негіздеме жасалу жағынан жоспар бар. Техникалық сараптама жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана бұл мекеменің құрылысы тоқтап тұрған, алдағы уақытта болашағы қандай болатыны туралы шешім қабылданатын болады.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу