Талай тарланды шыңдап шығарған қара шаңырақта қазір 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Алғашқылардың бірі болып ашылған телеарна бүгінде қарқынды даму үстінде. Тың технологияларды қолданып, сапалы бағдарламаларды дүниеге келтіруде. Күнделікті үш уақыт жаңалықтар шығарылымы мен қырыққа жуық хабар көрермен назарына ұсынылады. Бұл жолғы алпыс жылдық мерейтой ардагерлерін ұлықтауымен ерекшеленді. Ал, облыстық телеарнада еңбек етіп жүрген қазіргі мамандар «Қазақстан» РТРК» төрағасы мен облыс әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Еркін Мұхамеджанов, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры:
- Соңғы трендтерді ғана айтайын, біздің орталықта, корпорацияда мына техника жағынан, немесе шығармашылық талаптардан болып жатқан өзгерістердің барлығы филиалдарда да жүзеге асады. Яғни, бізді бөлек-бөлек емес, біртұтас деп қабылдауға болады. Сондықтан, 60 жылдықтарыңыз құтты болсын.
Ержанар Әшейхан, «Qazaqstan» РТРК» АҚ аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының директоры:
- «Аltai» деген қасиетті атауға ие болған телеарна. Қазір орталықтың тапсырысымен жұмыс жасап жатыр. Телевизияны аймақтық немесе республикалық деп бөлуге қарсымын. Телевизия біреу, ол көрермен үшін жұмыс жасайды. Енді көрермен эфирден берілген дүниені бағалауына қарай оның мәртебесі анықталады.
Айдана ДАЙЫРОВА
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.