Қызылорда облысында 25 оқушы астан ұшынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 25 оқушы астан ұшынды

21.05.2018

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Келінтөбе ауылында 25 жасөспірім жаппай  астан ұшынды. Алдын ала болжам бойынша, ол  мектеп асханасында берілген қарақұмық пен жұмыртқадан болуы мүмкін. 21 оқушы алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған. Ал жағдайы тұрақсыз 4 бала  аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір  балалардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Ал, зертханалық қорытынды нәтижесі ертең белгілі болады.

Айна Мұхамбетова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

-Ауруханада жатқан 4 баланың  жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Амбулаториялық деңгейдегі 21 балада дене қызуы, іш өту, құсу болған жоқ. Ауруханада жатқан науқастардың да шағымдары жоқ. Қазір лабораториялық зерттеулерді күтіп отырмыз.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу