Жыл басынан бері Ақмола облысында 12 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды. Көпшілігі мемлекеттік қызметкерге жат әрекеттерге барған. Әсіресе, лауазым иелерінің қызметтік көлікті жеке бастың пайдасына қолдануы тыйылар емес. Жыл басынан бері Әдеп кеңесінің 6 отырысы өткен. Осы жылдың алғашқы тоқсанында мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзған әрекеттеріне қатысты азаматтардан 19 арыз-шағым келіп түскен.
Қайыржан Сұлтанғазиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басқармасының басшысы:
-12 іс жеке мемлекеттік қызметшіге қатысты қаралған тәртіптік істер. Оның 9-ы Әдеп кодексін бұзғаны үшін, ал, үшеуі мемлекеттік қызмет заңының 50 бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Әдеп жөніндегі кеңес азаматтардың өтініштерін қарауды да басты назарға алды. Ағымдағы жылдың өзінде 80 адамның өтініші қаралды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.