ЕЭО туралы келісімге мамыр айында қол қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО туралы келісімге мамыр айында қол қойылады

17.04.2014
ЕЭО туралы келісімге мамыр айында қол қойылады
Кедендік одақ аясында кәсіпкерлерге жасалатын салықтық жеңілдіктер белгілі болды.  Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев айтты.
 
Төрағаның айтуынша, бұдан былай кәсіпкерге елге кіргізетін тауары үшін жанама және қосымша салықты алдын ала төлеу қажет, деген талап қойылмайды. 50 күн мұрсат беріледі.
 
Осы аралықта әкелген тауарларын нарыққа шығарып, жұмысын жалғастыра береді. Бұл тұрғыда еліміздің бизнес өкілдерінің бәсекелестікке қауқарлы болып, ауқымды нарықты игеруі маңызды.
 
Бүгінгі баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық одақ мәселесі де сөз болды.
 
Әнуар Жұмаділдаев, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамаларының бірі - Еуразиялық одақ идеясына биыл 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері арасындағы интеграциялық игіліктер тиісті даму сатысынан өтті. Алдағы мамыр айында үш елдің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қояды деп күтілуде. Еуразиялық интеграция мемлекеттердің өзара экономикалық қарым-қатынас мәселелерін ғана қамтиды.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу