«Жас Отан» жастар қанатының алдағы үш жылда атқаратын істері пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Отан» жастар қанатының алдағы үш жылда атқаратын істері пысықталды

15.05.2018

«Жаңа әлемге жол саламыз». Міне, дәл осындай атауды арқау еткен жиын елордада өтті. Шара барысында «Жас Отан» жастар қанатының алдағы үш жылда атқаратын істері пысықталып, іс-қимыл жоспары бекіді. Еліміздің ең беделді жастар ұйымы 2021 жылға дейін бірқатар іргелі істің басында тұрмақ. Мәселен, Елбасының бес бастамасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-мазмұнын жастар санасына сіңірумен шұғылданбақ. Отырысқа 16 аймақтан келген делегаттар қатысты. Олардың ішінде елге танымал тұлғалар да бар. 

Данияр Сүндетбаев,  «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

- Негізінен, «Жас Отан» жастар қанатының басты мақсаты - Елбасы саясатының осы 29 жасқа дейінгі ҚР азаматтарына насихаттау және солармен жұмыс істеу.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу