Биыл қасиетті Рамазан айының бірінші күні 17 мамырға белгіленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл қасиетті Рамазан айының бірінші күні 17 мамырға белгіленген

14.05.2018

Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Серікбай Қажы Ораз айтты. Бас мүфтидің сөзінше, 16 мамырда кешке ниет етіліп, Тарауық намазы оқылады. Ал, 17 мамырда ораза басталады. Жалпы, Рамазан айының басталуын нақты бекіту үшін бірінші - шариғаттың талабы, екінші - жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың заңдылықтары ескеріледі. Сондықтан, Ғұламалар кеңесі заманауи астрофизикалық және астрономиялық ғылыми негіздерге сүйене отырып, 17 мамырды бекіткен.

 Сондай-ақ, діни басқарма Ораза кезінде түрлі қайырымдылық шараларын өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету арқылы қоғамды ізгілендіруге кәсіпкерлер де атсалыспақ. Ал, Ораза кезінде еліміздегі барлық мешіттерде тегін ауызашар беріледі. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу