«Менің табысымның тарихы - ел табысының тарихы». Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында осындай атпен шығармашылық кездесу өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен өткен шара барысында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары астаналық жастарға өз жетістіктері жайында баяндап берді. Түрлі салада үздік атанған мамандар биік белестерді бағындырудың қыр-сырын үйретті. Студенттер мен оқушылар аға буынға көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған мардымды жауап алды. Шара соңында «Буккроссинг» флешмобы ұйымдастырылды. Оның талабы бойынша, жиынға келген әрбір оқушы өзінің сүйікті кітабын өзгелерге тарту етеді.
Нұржан Жолдыбалин, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы:
-Біз жастарға өзіміздің тәжірибемізді көрсетсек, үйретсек деген ниетпен келіп отырмыз.
Бақытжан ОМАР
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.