Қосшы ауылы қалаға қосылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосшы ауылы қалаға қосылмайды

11.05.2018

Қосшы ауылы қалаға қосылса, елді мекендегі мәселелер бірден шешіліп кетпейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин хабарлады. «Егер, Қосшы ауылы қала аумағына кірсе, Қоянды, Талапкер мен Қараөткел тұрғындары да дәл осындай сұрақ көтеруі мүмкін», - деді облыс басшысы. Жалпы алғанда өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10,2 миллиард теңгеге 117 жоба іске асырылған. Меценаттардың көмегімен бір ғана Целиноград ауданында екі мектеп пен екі балабақша бой көтерген. Сондай-ақ, туризм саласын жетілдіру жолдары қарастырылып жатыр.  

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:

- Өткен жылы біз облыстағы барлық жолдардың 8 пайызын жөндедік. Бұл жаман көрсеткіш емес. Егер осындай қарқынмен жұмыс істейтін болсақ, 10-12 жылда жолға қатысты барлық мәселені шешеміз. Былтыр қалааралық жолдарды жөндесек, биыл ауылдарға баса мән беру көзделіп отыр. 

Елдос САПАРҒАЛИ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу