Шымкентте өзбекстандық тауарлар көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте өзбекстандық тауарлар көрмесі өтуде

11.05.2018

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге тоқыма, киім және тері өнімдері, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар шығаратын 60-қа тарта кәсіпорын өнімі шығарылған. Екі күнге созылатын шара екі өңірдің арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Жалпы, соңғы жылдары Оңтүстік пен Өзбекстан арасындағы алыс-беріс қарыштап өсіп келеді. Былтыр көрші елмен сыртқы тауар айналымы 622 долларға жеткен. Яғни, 16 пайызға өскен. Оның жартысынан көбі - импорттық айналым. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы мыңнан астам кәсіпорын сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары, медицина және білім саласында көрші ел кәсіпкерлерімен табысты ынтымақтастық орнатып отыр. Ендігі жерде екіжақты сауда-экономикалық байланыстар жаңа сатыға көтерілмек. 

Асқар Әубәкіров, облыстық Кәсіпкерлік палатасының директоры:

- Өзбекстаннан дистрибьюторларды шақырамыз. Екінші мәселе, сол жақта семинар-тренингтер өткіземіз. Қазіргі таңда «Made in Ontystik» дейтін парақшамыз бар. Сол жақта өнімдерімізді орналастырып, өзіміз қолдан келген мүмкіндікті ұйымдастырамыз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу