Алматыда ел басына күн туғанда майданда ерлік көрсеткен ардагерлерге арналған «Халық жүрегіндегі жауынгерлер» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Орталық мұражайда ұйымдастырылған шарапатты шарада қатары сиреп қалған ардагерлер бір-бірімен қауышып, қырқыншы жылдардың қиын-қыстау кезеңдерін еске алды. Олар өскелең жастарға сұрапыл соғыстың ауыртпалықтарын айтып, бүгінгі бейбіт күнге шүкіршілік ету қажет екенін жеткізді. Қоғам болып ардагерлерге құрмет көрсету, болашақ ұрпақққа үлгі-өнеге.
«Ал, көрмеге қойылған соғыс жылдарын суреттейтін фотодеректер мен жәдігерлер жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді»,-дейді игі бастаманы ұйымдастырушылар.
Алмат ƏБДІРАМАН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.