Қазақстан Қарулы күштерінің қазықты құрылымы - десанттық-шабуылдау әскерлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қарулы күштерінің қазықты құрылымы - десанттық-шабуылдау әскерлері

07.05.2018

Бұл білекті, жүректі ғана емес, білікті де сарбаздардан құралған әскер. Бейбіт және соғыс жағдайында қауіп төнген бағыттар мен аудандарға шұғыл жетуге және кенеттен туындаған тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын тұратын десанттар жайлы келесі материалда баяндалады.

Десанттық-шабуылдау әскерлері Қарулы күштердің элитасы болып саналады. Тарихына тоқталсақ. 2000 жылғы 6 шілдеде Президенттің пәрменімен № 417 жарлығы негізінде, 35 гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жедел әскерлері қолбасшылығы құрылды. Кейін аэроұтқырлық әскер болып өзгерді. Олардың негізгі міндеттерінің бір сыпырасы мынадай...

Қайдар Қаракулов, Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы:

- Шекараға жақын орналасқан әскерлерге көмек көрсетіп, олардың күштерін толықтыру. Маңызды аудандарды басып алып, ұстап тұру. Заңсыз құрылымдарды жою және бітімгершілік операцияларына қатысу.

Десанттық-шабуылдау әскерлері 6 гарнизонда орналасқан. Құрамында 20 әскери бөлім бар. Сол бөлімдерде 10 мыңға жуық әскери қызметші абыроймен еңбек етіп, ерлікті қоса өріп жүр.

Арман Искаков, «Қалқан» арнайы мақсаттағы десанттық-шабуылдаушы батольені командирінің орынбасары:

- Десанттық-шабуылдаушы әскерлер Елбасымыздың алғашқы резерві болып саналады. ДШБ-ға қойылатын талаптар жоғары қолбасшылардың дер кезінде, қысқа мерзімде орындауға арналған әскерлер болып саналады.

Десанттық-шабуылдау әскерлері – бұл жедел бірлестік, Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдерінен тұратын, Қарулы күштер сабындағы стратегиялық элемент.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу