Қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығын шығысқазақстандықтар оның туған жерінде тойлады. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері мен Халық қаһарманының туысқандары келді. Батырдың құрметіне тағзым еткен көпшілік аудан орталығының орталық алаңқайына жасыл шырша екті. Мәдениет үйінде «патриоттық әндер» байқауы өтті. Елінің біртуар тұлғасын әспеттеген жұрт батырдың ерлігін ұмытпайды. «Қайсар Қасымның есімі ұлтымыздың рухын асқақтады, оның ерлігі ұрпаққа үлгі», дейді көпшілік.
Еркін Нұразхан, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:
- Кітаптары қайтадан шығып жатыр. Әлі Алматы мен Астанада мерекелік шаралар өтеді. Қасым ағаның еңбегі елін, жерін сүйген үлкен жүректі махаббаты, патриоттығы бір дастан. Соғыста көрсеткен ерлігі, Қазақстан мен Украина арасындағы достыққа алтын көпір салғандай көзі тірісінде қанша тамаша игі істер жасады.
Айдана ДАЙЫРОВА