ШҚО-да жаңбырдың соңы қарға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жаңбырдың соңы қарға ұласты

04.05.2018

Шығыс Қазақстанның кейбір аймақтарын қар басып қалды. Риддер қаласы мен Зырян ауданында үздіксіз жауған жаңбырдың соңы қалың қарға ұласты. Ал, төтенше жағдай мамандары су басу қаупі барын жоққа шығармайды. Ауа температурасы минус екі, кей жерлерде минус беске дейін төмендеп кетті. Мезгілсіз жауған қар көлік қатынасын қиындатып, тұрғындарды әбігерге салды.  Былтыр да өңірде осы жағдай қайталанып, шығыста бұрқасындатқан болатын.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу