Ұлағатты ұстаз, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Орынша Қарабалина «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Білім министрлігінің арнайы төс белгісі Алматыдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектепте өткен кездесуде табысталды. Кеш барысында ұстаздың шәкірттері шығарған «Тағылым мен тағзым» атты жаңа кітаптың да тұсауы кесілді. Жинақта Орынша Қарабалинадан сабақ алған түлектер мен бірге жұмыс істеген әріптестерінің пікірлері, лебіздері топтастырылған. Ал, білім беру саласында 60 жылға жуық қызмет еткен ұлағатты ұстаз «бүгінгі таңдағы мұғалімдердің мәртебесін көтеру керек», - дейді.
Орынша Қарабалина, ардагер ұстаз:
- Кеңес заманында да, осы заманда да қызмет істедік. Алдымызда отырған оқушы сыйлаушы еді, бір қатты сөз бізге айтпаушы еді. Айтқанымыз заң болатын. Мектептің заңын орындата білу керек. Ал, қазір балалар «құқығыма тиіспе», дейді. Кейбір мұғалімдер балалардың құқығына тиіспеймін деп балаларға қатты сөз айта алмайды. Ата-анасынан қорқады. Олай емес, керек болса, ата-ананы да тәртіпке салу керек.
Амангелді СЕЙІТХАН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.