Қазақстанға сенімді серіктес қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға сенімді серіктес қажет

15.04.2014
Қазақстанға сенімді серіктес қажет
Экономикалық кеңістікте заман талабына сай саясат жүргізу үшін Қазақстан интеграциялық үрдістерге, сенімді серіктестерге мұқтаж. Мұндай пікірді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте  саясаткер, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов білдірді.
 
Оның сөзінше, Қытай Қазақстанға әкелетін тауарының көлемін екі есеге арттырмақ. Қазірдің өзінде ол Еуроодақ елдерінен кейін екінші орында тұр. Қытайдың Кеден одағы елдерімен алыс-берісі одақ ішіндегі сауда-саттықтан екі есеге артық.
 
Сондықтан бізге өзімізге ыңғайлы нарық қажет. Бұл ретте Кедендік одақтың, оның ішінде 7 мың шақырымдық ортақ шекарасы бар, бізбен 12 өңірі түйісетін Ресейдің орны бөлек дейді, ғалым.
 
Рахман Алшанов, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы:
Бәрі егемендікте отыратын болса не істейді. Оның затын кім алады? Оған кім береді? Сол сияқты есігіңді ашпасаң, сені кім кіргізеді. Сол сияқты бұл жерде біреуге есігінді аш десең, өзің де ашуың керек. Интеграция деген бір-бірімен тіл табысып жұмыс істеу деген сөз.
 
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу