Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлерге әдеп сабақтары оқытыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлерге әдеп сабақтары оқытыла бастады

02.05.2018

ҚР Президенті жанындағы Өзін-өзі басқару академиясының Алматы облыстық филиалында мұндай пән тұрақты түрде өтпек. Дәрісті Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл жүргізеді. Жалпы, жыл басында ашылған академия қабырғасында 600-ден астам мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтіп, біліктілігін арттырды. Ал, әдеп жөніндегі уәкілдің институты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда облыста 41 әдеп жөніндегі уәкіл белгіленді.

Талғат Өмірәлиев, Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі:

- Жас мамандар жұмысқа кіргеннен кейін қандай деңгейде, қалай жұмыс істеуі керек? Ең бірінші, өздерінің әдептілігін, екінші мәдениеттілігін көрсетулері керек. Сол үшін осы нормаларды, қағидаларды үйретіп жатырмыз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу