«Нұр Отан» партиясының «Біздің ауланың чемпиондары» жобасы аясында алғашқы футбол алаңы салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясының «Біздің ауланың чемпиондары» жобасы аясында алғашқы футбол алаңы салынды

02.05.2018

«Нұр Отан» партиясының «Біздің ауланың чемпиондары» жобасы аясында алғашқы футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына қатысқан партия өкілдерінің айтуынша, енді ауланың әр тұрғыны үшін қымбат спорт түрімен шұғылдану қолжетімді болады. Өйткені, арнайы шақыртылатын кәсіби жаттықтырушылар балаларға футбол әліппесін тегін үйретпек. Алдағы уақытта алаңдардың саны көбейтіліп, жоба шеңберінде хоккей корттары ашылады. Салтанатты рәсімнен соң әуесқойлар арасында турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Бақыт Сапаров, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл әлеуметтік жоба. Осы ауланың балалары футболмен тегін шұғылданатын болады. Біздің «Астана» футбол клубымен келісіміміз бар. Оған сәйкес, тәжірибелі әрі жас жаттықтырушылар қызмет көрсетеді. Осы алаңда шынығып, болашақта Қазақстан көлемінде, тіпті әлемдік деңгейдегі спортшылар қалыптасады деген сенімдеміз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу