Қазақстан халқының бірлігі күні Астанада «Достық шеруі» атты вело жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының бірлігі күні Астанада «Достық шеруі» атты вело жарыс өтті

01.05.2018

Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, жасы 12-ден асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Достық шеруі» деп ат қойылып, айдар тағылған шараға қатысушылар ерте жиналды. Түсте басталатын велошеруге ұйымдастырушылардың есебінше мыңнан астам адам тіркелген. Достық шеруі болса да, қай-қайсысы жеңістен дәмелі.

Ерсайын Рахметов, «Жігер» командасының мүшесі:

- Жеңіске жеткелі келдім. Жеңемін деген үмітпен келдім.

Жарысқа бүтін бір команда, қала берді, бір отбасы болып қатысқандардың қарасы көп. Велошерудің ресми бөлігінен соң 13-00-де Достық даңғылында «Достық шеруі» басталды.

Қатысушылар 4100 метр қашықтықты Астананың сол жағалауымен жүріп өтті. Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 1 жылдығына орайластырылған.

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырған жарыстың басты мақсаты  -жеңімпазды анықтау емес, белсенді және саламатты өмір салтына баулу. Велошеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Хабарламаларға жазылу