Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

27.04.2018

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды. Леонид Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді. Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу