«Forte Bank» жаңа қызметтер ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Forte Bank» жаңа қызметтер ұсынды

27.04.2018

Кез келген банк картасынан кез келген нөмірге ақша аудару немесе банкоматтан картасыз қолма қол ақша алу. «Forte Bank» қазақстандықтарға бұрын болмаған жаңа қызметтер ұсынып отыр. Енді аталған банктің мобильді қосымшасы арқылы кәдімгі телефон номеріне ақша аударуға болады. Сондай-ақ, банк картаңызды жоғалтып алған жағдайда банкоматқа барып, ақшаңызды ала аласыз. Осылайша, еліміздегі ең үздік банктердің бірі тұтынушы үшін бірнеше ыңғайлы қызметтер ұсынып отыр.

Қазір 882 мыңнан астам қазақстандық пен мен 65 мыңнан астам компания «Forte Bank» қызметін пайдаланады. Қаржылық қоры да қомақты, 184 миллиард теңге. «Forte Bank» мобильді қосымшасындағы 350-ден астам қызметке тағы бірнеше тың сервис қосылды. Бұдан былай картаңызды үйде ұмытып немесе жоғалтып алсаңыз да банкоматтан ақша шеше аласыз. Ол үшін мобильді қосымшадан уақытша пароль алып, банкоматқа барып, сол парольді терсеңіз болғаны.

Гурам Андроникашвили, «Forte Bank» АҚ басқарма төрағасы:

- Ол үшін телефоныңызда банктің мобильді қосымшасы болса болғаны. Ол жерге картаңыз тікрелген болса, керек соманы жазып, уақытша код аласыз. Осы кодты «Forte Bank»-тің кез келген банкоматына барсаңыз, сұраған сомаңызды картасыз береді. 

Тағы бір тың тәсіл. Кез келген картадан кез келген нөмірге ақша аудару. Ендігіде мобильді қосымшаға мейлі қай банктің тұтынушысы болсаңыз да картаңызды оп-оңай тіркей аласыз.   Сондай-ақ, осы қосымша арқылы картадағы ақшаны телефон номеріне аудара аласыз. Аударым СМС түрінде келеді. СМС хабарламада келіп тұрған ақшаны картаға қабылдайсыз ба әлде банкоматтан аласыз ба деген таңдау болады.

Жұмабек Мамұтов, «Forte Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазір қалта телефоныңыздағы нөмірге ақшаны СМС-пен жібересіз. Алушы хабарламаны алып, бір-екі батырманы басып, ақшаны өзінің кез келген картасына аударып ала алады. Бұл оңай аударым жүйесі ТМД елдерінің ішінде алғаш болып бізде енгізілді.

Банк ұсынған жаңа қызметтердің ішінде 5 валюталы мультикарта да бар. Онымен әлемнің кез келген жерінен пайызсыз ақша шешуге болады. «Кэшбек» жүйесі де жетілдірілді. Әуе, пойыз билеттері мен қонақ үй тағы басқа саяхат шығындарын карта арқылы төлесеңіз, банк 4 пайызын картаңызға қайта аударып береді. Бұл қызмет арқылы клиенттердің картасына бүгінге дейін 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылған.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу