Басты Жаңалықтар Бас прокуратура мен Ресей Федерациясының Тергеу комитеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бас прокуратура мен Ресей Федерациясының Тергеу комитеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Сондай-ақ, Байқоңыр кешені аумағындағы іс-әрекеттердің ережесі де құжат ретінде бекітілді. Соңғы 5 жылда 112 сотталған қазақстандық жазасын одан әрі елде өтеу үшін Ресейден алдырылған. Дәл солай көрші елге 242 тұтқын қайтарылған.

Қайрат Қожамжаров пен Александр Бастрыкин екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын және келісімдер бірқатар жұмыстардың орындалуын жылдамдататындығын атап өтті.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Былтыр ғана Қазақстаннан 1800 өтініш жібергенбіз. Ресей де сондай. Сол үшін бұл біз үшін өте үлкен көмек көрсетеді.

Александр Бастрыкин, Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы:

- Осыдан 11 жыл бұрын құрылған байланысымыз қағаз жүзінде ғана қалып отырған жоқ. Біз көптеген жұмыстарды бүгіннің өзінде бірлесе атқарып келеміз. Бүгінгі келісім екі жаққа да тиімді болып, жуық арада өз нәтижесін бере бастайды деген сенімдемін.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Бөлісу