Экспозиция «Тәуелсіздік жаршылары», «Қазақстан ядролық қарусыз әлем үшін», «Дәуір бетбұрысында», «Тарихи таңдау», «Басты реформалар» және «ХХІ ғасыр тоғысында» деп аталатын алты тақырыптық бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім Қазақстанның Тәуелсіздігін алу, мемлекет ретінде қалыптасу және нығаюдың тарихи кезеңдерінен сыр шертеді. Келушілер 1917-2000 жылдар аралығын қамтитын 350-ге жуық сурет пен құжаттарды және Тәуелсіздіктің бастауында Мемлекет басшысының жеке өзі пайдаланған заттарын тамашалауға мүмкіндік алды.
Күләйшә Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:
- Әр материал Елбасының жеке қорынан алынды. Мұның ішінде Елбасы мұрағатынан жеке қолжазбалары, өзінің жұмысы барысында дайындаған құжаттары бар. Біздің бейне-фото материалдарымыз өте бай және Елбасының жеке пайдаланған заттары, сондай-ақ, Елбасыға тарту етілген сыйлықтар бар.
Досымжан ЕРМҰРАТ