Елордада Наурыз мерекесі тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

23.04.2018

Елордада ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар әлі жалғасып жатыр. №4 мектеп гимназиясында тәлім алатынн оқушылардың ата-аналары мұрындық болып, білім ордасының басшылығы қолдап Наурыз мерекесі тойланды. Жиылған қауымға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, салт-дәстүрлері көрсетілді. Оқушылар арасында қазақ күресінен шағын жарыс өткізілді. Сондай-ақ, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қыздарға көрпе тігу мен жүн түту әдістері көрсетілді. Шара барысында халыққа театрландырылған көріністер де қойылды.

Светлана Смайылова, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясының қамқоршылар қорының төрайымы:

- Бізде бүгін ұлттық мереке, дәстүрлі тағамдар, ұлттық ойындар көрсетілді. Наурыз мерекесі жылдан жылға жалғаса берсін. Наурыз мерекесі құтты бослын!

Хабарламаларға жазылу