Жақып Асанов: Бұдан былай сот үкімі том-том қағаз емес,  жұп-жұмыр болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақып Асанов: Бұдан былай сот үкімі том-том қағаз емес,  жұп-жұмыр болуы тиіс

20.04.2018

Даулы іске әділ төрелік айту қиын шаруа. Ал, үкім шығарарда ойын халыққа түсінікті тілде жеткізу одан да ауыр міндет. Бүгін Жоғарғы соттың жалпы отырысында төраға Жақып Асанов судьялардың алдында осындай талап қойды. Төраға межелеген үдеге сай болу үшін заң білу жеткіліксіз. Жұрт заңгерлердің терминдері мен қайталама сөздерін ауыр қабылдайды. Содан сотқа деген сенімсіздік туады.

Бұдан былай үкім том-том қағаз емес, жұп-жұмыр болуы тиіс. Жаңа реформа төрелік айтатын билердің біліктілігін бір саты жоғарылатумен қатар, елге жақындай түспек. Бір сөзбен, сот жүйесінің қызметіндегі қажетсіз көп дүние кеміп, іс ілгері баспақ. Айналып келгенде, әр реформалар түп негізінде әділеттің салтанат құруы, мызғымас құқықтық жүйені дамыту жатқанын сөзсіз. Ал, отырысқа келген судьялар жаңашылдықты жақсылықтың бастауы деп отыр.

Дәулетияр Машрапов, Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотының судьясы:

- Мәселе жұмыстың жеңілдеуінде емес, сапада. Шығарған сот актісінің сапалы болуы. Сот уәж келтірсе, кез келген адам оны мойындайды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу