Елімізде жеке тұлғалардың қарызы 12 трлн теңгеден асып кеткен. Сондықтан да «Жеке тұлғаларды банкрот деп тану» туралы заң бұл мәселені шешуі тиіс. Құжат 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Оны Мәжіліс қабырғасында Қаржы вице-министрі депутаттарға таныстырды. Заңның тиімді тұстары қандай? Мәселен, борышкердің жалғыз баспанасы тәркіленбейді, банктер жеке тұлғаның үйін алып қоймайды. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк қарама-қайшы пікірде. Құжаттың шикі тұстарын қарап, «ол азаматтар үшін тиімді болуы қажет», деп отыр депутаттар.
Индира БЕГАЙДАР