Соңғы екі айда сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша бірнеше лауазымды қызметкер ұсталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы екі айда сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша бірнеше лауазымды қызметкер ұсталған

20.04.2018

Әділет органдарында әділетсіздік көп. Соңғы екі айдың өзінде сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша бірнеше лауазымды қызметкер ұсталған. Бұл туралы  «Нұр Отан» партиясы жанындағы республикалық коғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Мысалы, ақпан айында Ақтөбе облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы ұсталса, Астана қаласында да осындай жағдай тіркелген.

Дәлірек айтсақ, Астана қаласы Әділет департаментінің үш қызметкері қаладағы мекемелердің бірінің есепшотына салынған тыйымды алып тастау үшін 22 миллион теңге пара алды деген айыппен ұсталған.  Мұндай жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында да тіркелген. Комиссия мүшелері өңірлерді айтпағанда, мұндай қылмыстар Астанада жыл сайын қайталанатынын айтып,  пара алған қызметкерлер үшін оны тағайындаған басшылар жауап беретін кез келгенін ескертті. Алайда, министр бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Сіз атап отырған жайттар мен үшін де үлкен проблема. Бірақ, мен әрбір қызметкерді қадағалап отыратын бақылаушы қоя алмаймын. Қызметкерді ұсынған екенсің, оған толық жауап бересің деген тәжірибені енгізуді жан-жақты зерттеу керек. Басшылар жақсы менеджер болғанымен, адамның жан-дүниесін танитын психолог немесе көріпкел бола алмайды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу