Жайылым жер жалға берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайылым жер жалға берілмейді

19.04.2018

Жайылым жерлер жалға берiлмейтiн болады. Мемлекеттік шекарада орналасқан жерлер де шетелдіктерге берілмейді. Сенаттың жалы отырысында кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды. Құжатқа сәйкес, халықты мал жайылымдарымен қамтамасыз ету үшін қосымша 27 миллион гектар жер бөлу қарастырылып отыр. Ол үшін жеке меншіктегі кейбір учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарда бар. Оған 180 миллиард теңге қаражат керек екен.

Айта кетейік, енді  ауыл шаруашылығы жерлері жалға тек конкурстық негізде беріледі. Бұл мәселені реттейтін комиссияға қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың мүшелері кіреді. Алғашқы 5 жылда оларды комиссия өкілдері жыл сайын тексереді. Ал, кейін мониторинг 3 жылда бір рет жүргізіледі. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Заң жобасында шетелдіктерге жер беру туралы бірде-бір норма қарастырылмаған. Егер де Қазақстан азаматы шетелдікпен некеге тұрса, оған жер берілмейді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу