Кеше түнде бастапқыда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты. Жауын-шашын көлемі 10 мм болды. Ертесімен түнде түскен қар еріп кетті. Сондай-ақ, еліміздің Қарағанды, Павлодар, Екібастұз қалаларында да көше ақ ұлпаға оранды. Бірақ, «бұл аномалия емес, көктемге тән құбылыс», дейді ауа райын болжаушылар. Елдің солтүстік-орталық өңірлерінде қар мамырда да жаууы мүмкін.
Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- Алдағы екі-үш тәулікте әлі де сол циклонмен байланысты республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұрады. Алайда, сәуірдің 23-інен бастап, бұл аймақтарда да жауын-шашын, жел болып, тұрақсыз ауа райы байқалады.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ