Жыл сайын өндірістік жұмысқа байланысты аурулардан 2,5 миллион қызметкер қайтыс болады. Бұл туралы бүгін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері баспасөз мәслихатында айтты. Қайғылы оқиғалардың көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Ресми мәліметтерге қарағанда, әр төртінші қызметкер зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді. «Осы орайда өндірістік кеңестің маңызы зор», - дейді мамандар. Жалпы, соңғы 5 жылда анықталған заңбұзушылықтың 30 пайызы еңбекті қорғау саласына тиесілі. Жағдайды ретту үшін тексерістер жүргізіліп, 15 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған. Соның нәтижесінде 15 ұйымның қызметі тоқтатылды.
Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитеті төрағасының орынбасары:
- Әр мекемеде міндетті түрде бес жылда бір рет аттестация өткізілуі керек. Сол аттестацияның талаптарын өзгертіп жатырмыз. Егер бұрын мекеме басшысы қолында бар лабороториясымен өзі аттестация жасайтын болса, бүгінгі күні жасай алмайды. Ол лаборотория аттестациядан өтуі керек. Бұл талаптың біреуі. Екінші талап, ауыр жұмыста істеп жүрген адамдарға қосымша тамақ береміз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ