Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдында басты 8 міндет тұр. Атап айтсақ, «Астана ЕХРО-2017 ҰК» АҚ бірлесе отырып, «ЕХРО -2017» нысандар құрылысына еліміздегі бизнес өкілдерін жұмылдыру бағдарламасын әзірлеу, ҮИИД-2 бағдарламасын жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларға қол жеткізу. Сондай-ақ, барлық өңірлердегі бизнес оқытулардың үйлестірушісі болу, өңірлік өкілдердің қатысуымен өтетін барлық бизнес бастамаларға сараптама жасау, жекешелендірудің 2-ші толқынына белсенді қатысу. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік ортаның өзін-өзі реттеу туралы Заң жобасына атсалысу, бизнесті Президенттік қорғау сайтына түскен шағымдарды мұқият қарауға атсалысу, Үкіметпен бірлесе, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлеуге міндетті.