«Туған жерге сағыныш». Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз қаласында өңірдің тумасы, ақын-сазгер Асхат Сүйіндіктің қайырымдылық кеші өтті. Шығармашылық шара су тасқынынан зардап шеккендер мен науқас бала Іңкәр Аманжолованы қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Оған бүйрегін ауыстыру үшін күрделі операция жасалмақ. Ақын-сазгер Асхат Сүйіндік Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының тумасы. Ол тұңғыш шығармашылық кешін туған жерінде өткізді. Асхат Оңғарұлы 100-ге тарта өлеңнің авторы, 70-ке жуық әнге сөз жазған. Қайырымдылық шарада Асхат Сүйіндіктің өлеңдері оқылып, әндері орындалды. «Бұл шара су тасқынынан кейінгі елдің еңсесін көтерді»,- дейді көрермен.
Жанарбек Бекбай, көрермен:
- Бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрді жаңғыртып, қайырымдылық көрсету, имандылық жағын жоғары қойып отырғандығын көріп отырмыз.
Серікзат Дүйсенғазы, ақын:
- Елге әркім шамасының келгенінше үлес қосуы керек. Туған жер мәселеcі Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылады. Туған жерге әркім көмектесуі керек. Бизнесмен бизнесімен, ақын өлеңімен, композитор әнімен, әнші өнерімен, суретші суретімен.