Дариға Назарбаева СҚО-дағы бірқатар зауыттардың жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева СҚО-дағы бірқатар зауыттардың жұмысымен танысты

17.04.2018

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар зауыттардың жұмысымен танысты. Киров атындағы кәсіпорын «Цифрлық Қазақстан» бағадарламасы бойынша қорғаныс, мұнай-газ және теміржол саласына қатысты өнімдер шығарады, жақында зауыт қайта жаңғыртылмақ. Яғни, көпқабатты баспа платалары мен арнайы микросхема жасайтын фабрика жұмыс істейтін болады. Бүгінде өндіріс қуаттылығы шамамен 7 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Дариға Назарбаева «ЗИКСТО» Акционерлік қоғамында болды. Зауыт алдағы 3 жылда 5000 вагон шығаруды жоспарлап отыр. Соңғы жылдары солтүстіктің бидайын тасымалдау үшін вагон тапшылығы сезілді, кәсіпорын осы олқылықтың орнын толтырмақ. Яғни, мұнда қазіргіден 2 есе ұзын платформалар құрастырылады. Сонымен қатар, бұл өндіріс - мұхиттық миналарды жасайтын ТМД-дағы жалғыз кәсіпорын.

Валерий Спицын, «Зиксто» АҚ бас директорының орынбасары:

- Мұхиттық миналар 1941 жылдан бері Петропавл қаласында шығарылады. Бізге жақын теңіз, мұхиты бар мемлекеттердің бәрі осы біздің қаруды қолданады. Бұл шабуылдаушы емес, қорғаныс қаруы, өйткені, біз шекарамызды тек әуе мен жерде ғана емес, теңіз түбінде де қорғауымыз қажет. Былтыр минаның әр түрінен 50-ден Ресейге шығардық, ал, енді Каспий теңізінің қорғаныс күшіне дайындап жатырмыз. Қазір басқа да мемлекеттерден тапсырыс келіп жатыр.

 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу