Қарағанды облысында «Үздік тәлімгер -2018» байқауы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Үздік тәлімгер -2018» байқауы ұйымдастырылды

16.04.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысында «Үздік тәлімгер -2018» байқауы ұйымдастырылды. Аймақта биыл бірінші рет бастау алған сайыстың ақтық сынында сайдың тасындай іріктелген 8 үміткер бақ сынасты. Бәсі жоғары бәсекеде таңдаулы да талапты тәлімгер жаңа қырынан танылды.

Алдымен қатысушылар өздерін таныстырудан жарысты. Ал, «Педагогикалық жағдаятты шешу» кезеңінде үміткерлер қойылған күрделі сұрақтарға тосылмай жауап беріп, өз қарым-қабілеттерін байқатты. Ақырғы айналымда тәлімгерлік істегі жеткен жетістіктері мен баламен тіл табысудың жолдарын байқатты. Олар түрлі образдарды сомдап, өнерден де кенде еместіктерін көрсетті.

Гүлнұр Меркенова, байқауға қатысушы: /Сәтбаев/

- Осындай байқауға қатысу арқылы оқушылардың Отанын қорғауға, патриоттық сезімін оятуға, жан-жақтылығын дамытуға деген сезім пайда болады. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу