Тамара Дүйсенова тұрғындарды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова тұрғындарды қабылдады

13.04.2018

Биылдан бастап кір жуатын ұнтақ пен сусабын өзімізде өндірілуі мүмкін. Бүгін жоба авторы Маржан Досмағанбетова «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсеновадан көмек сұрап келді. Тамара Қасымқызы келесі аптада тиісті мекеме басшыларын жинап, жобаны жүзеге асырудың жолдарын ғалыммен бірге талқылайтынын жеткізді. Бұдан бөлек, партия хатшысы қоғамдық қабылдауға келген жиырмаға жуық азаматтың өтінішін тыңдады. Көпшілігі кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын сұрап келсе, енді біразына мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекке қол жеткізудің жай-жапсары түсіндірілді. Ал, даулы мәселелерге жеке-жеке талдау жүргізілгеннен кейін ғана жауап беріледі.  

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға немесе қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан қандай көмектер бар деген сұрақтар болып жатыр. Жалпы, мемлекет тарапынан әлеуметтік әлжуаз адамдарға көрсетілетін біраз бағдарламалар бар. Сол жөнінде толыққанды мәлімет берілді. Жалпы, бүгін қаралған мәселелердің барлығын толық шешуге барлық мүмкіндікті жасаймыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу