Оралда вандалдар сәулет нысандарын қиратып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда вандалдар сәулет нысандарын қиратып кеткен

13.04.2018

Оралда біреулер Жаңа алаңда орналасқан сәулет нысандарын қиратып кеткен. Ең көп зақымданғаны - Тәуелсіздік монументі. Биіктігі 100 метрден асатын құрылыстың жалпы құны 200 млн. теңге. Вандалдар монументтің тақтайшаларын жұлып, жарық шамдарын істен шығарған. Мамандар, «бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес», - дейді. Әдеттегідей, бұзақылар мұндай әрекетке түнде барған. Қазір құрылысқа жауапты компания қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Мирас Мүлкай, қалалық Құрылыс бөлімінің басшысы:

- Аталған фактілер бойынша барлық бұзақылар ұсталды. Тиісті шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта аталған монументті мергідер компания жөндеп жатыр. Өйткені, нысан әлі тапсырылған жоқ. Сондықтан, олар бұзылған жерлерді қалпына келтіруге міндетті.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу