Алматы облысының Қаратал ауданында еліміздегі алғашқы сервистік әкімдік ашылды. Жаңа әкімдікте халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін бөлімдердің мамандары отырады. Бұдан былай тұрғындар қаланың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Барлық жұмысты бір ғимараттан бітіріп шығады. «Сондай-ақ, сервистік әкімдікте мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жемқорлық әрекеттеріне жол берілмейді», - дейді мамандар.
Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алматы облыстық департаментінің басшысы:
- Құжат, анықтама беріп отыратын мемлекеттік қызметкерлермен халықты бір-бірімен түйістірмеуіміз керек. Өйткені, арасында біреу ұнайды, біреу ұнамайды, біреу ымдайды деген сияқты сыбайлас жемқорлықтың элементтерін болғызбау керек.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ