Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде жастар клубы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде жастар клубы ашылды

12.04.2018

Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Жарасым» жастар клубы ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы студенттермен кездесіп, жаңа ұйымның жұмыс бағытын анықтады, көшбасшысын сайлады.

Сондай-ақ, жиын барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы түсіндірілді. Жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер сараланып, қолға алынатын әр жұмыстың мақсаты сараланды. 

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кейбір жоғары оқу орындарында жатақханамен кездесетін мәселелер өте көп. Соған байланысты біз сол тақырыпты қозғап жатырмыз. Олардың өздерінің ұсыныстары бар. Енді жастардың үнін естіген бізге де керемет. Себебі, алдағы уақытта олардың жалпы сөздерін естіп біз де өзіміздің үнімізбен сәйкес келтірген кезде қорытынды шығарамыз. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу