«СК-Фармация» қоры науқастардың тегін дәрі алу процесін қадағалап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«СК-Фармация» қоры науқастардың тегін дәрі алу процесін қадағалап отыр

12.04.2018

Астанада тегін амбулаториялық дәрілермен қамтамасыз ету мәселелерін реттеуге арналған call-орталық ашылды. Осындағы 23-50-98 бірыңғай телефон нөмірі арқылы науқастар дәрі-дәрмектердің медициналық ұйымдарға қашан жеткізілетінін және кешігу себептерін біле алады.

Орталықты іске қосқан «СК-Фармация» компаниясы бұл қадам тегін дәрілердің кей жағдайда не себепті науқастарға жеткізілмей қалуын анықтауымыз үшін де маңызды деп отыр. Әзірге, байланыс орталығы пилоттық тәртіпте жұмыс істейді. «Кейінірек қазақстандықтарға қолайлы болуы үшін республика бойынша бірыңғай қысқа нөмірді іске қосу жоспарлануда», - дейді компания өкілдері.

Хабарламаларға жазылу