«Неке және отбасы туралы» кодекске түзетулер енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Неке және отбасы туралы» кодекске түзетулер енгізілуі мүмкін

10.04.2018

Конституциялық кеңес Үкіметке «Неке және отбасы туралы» кодекске түзетулер енгізу туралы ұсыным енгізді. Негізгі мақсат - некесіз туған балалардың құқықтарын қорғау шараларын арттыру. Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот 47-бап, 5-тармақтың конституциялылығын тексеру туралы ұсыныс жасаған. Яғни, кей баптар бір-біріне қарама-қайшы, кей санаттағы балаларды кемсітушілік бар болуы мүмкін делінген ұсыныста. Қолданыстағы заң бойынша некеде болған әйел адам бала туғаннан кейін үш жыл бойы өзін және баланы асырауды бұрынғы жұбайына міндеттей алады. Ал, некесіз туған балалар үшін мұндай мүмкіндік заңда қарастырылмаған. Конституциялық кеңес Үкіметке осы екі санаттағы балаларға жасалатын мүмкіндікті теңестіруді ұсынды.

Унзила Шапақ, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

Балалардың құқығы 14-бапта көрсетілген. Тең. Одан кейінгі ҚР қазіргі заңдарының барлығында тең деп көрсетілген. Енді бұл әлеуеті толық сақталуы керек. Біз айта алмаймыз Конституцияға сәйкес келмей тұр деп. Себебі, Конституцияда бұлардың тең екені мойындалып тұр. Ал, кодексте кемшін тұстары бар. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу