«Жасыл экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру». Осындай тақырыппен бүгін Елордада депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлер үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Басты мақсат – «жасыл» принциптерді елдің экономикалық саясатына енгізу, еуропалық тәжірибемен танысу. Мамандар «EXPO-2017 көрмесіне дайындық ретіндегі мұндай шаралар - өте маңызды», дейді.
Алдағы уақытта осындай семинар-тренингтерді республиканың барлық аумағында өткізу жоспарланып отыр.
Индира БЕГАЙДАР