Қазақстанда тәртіпсіз тұтынушылар тобы пайда болды. Олар заң нормаларын пайдаланып, алған заттарын екі апта ішінде қайта апарып өткізуді әдетке айналдырады. Бұл туралы бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында айтты. Мысалы, көйлек немесе автокөлік сатып алып, екі апта ішінде сатушыға қайда өткізуді әдетке айналдырғандар бар. «Атамекен» палатасы сондықтан да тұтынушылар құқығын қорғайтын заңнаманы жетілдіру керек деп есептейді. Құқықтық құжатта барлық тауарларды екі апта ішінде қайта өткізуге немесе алмастыруға болады делінген. Бұл норма тауар түрлеріне байланысты бөлінуі керек деп есептейді. Бұл ұсынысты Экономика министрлігі құптады.
Олег Савеленко, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының департамент директоры:
- Мысалы, зергерлік бұйымдарды қайтарып беру кезінде қиындықтар туындайды. Оның нақты сол сатылған тауар екенін анықтау өте қиын. Бүгін бизнес қауымдастық алаяқтық фактілері болғанын айтты. Бұл мәселені заңнамамен реттеу жоспарымыз бар.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ