ЕЭО: Әлеуметтік мәселелер басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО: Әлеуметтік мәселелер басты назарда

06.04.2018

Бүгін Алматыда Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін әлеуметтік қамсыздандыру, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіптік қызмет мәселелері жөніндегі Консультативтік комитетінің 4-ші отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстаннан арнайы өкілдер қатысты. Басқосуда азаматтарды медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Әрі оларға тиімді зейнетақы жүйесін жасау қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, кеңеске жиналғандар еңбек мигранттарының құқығын қорғау және  зейнетақы төлеу ісіне қатысты мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Қазір бұл салада  талдау-сараптау жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу