Ардагерлер ұйымы мен «Наз» мемлекеттік театры бірлесіп, жастармен кездесу өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, саясаткерлер мен журналистер қатысты. Олар Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын талқылап, студенттердің сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, шара барысында жаңа әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуындағы адами капиталдың маңыздылығы түсіндіріліп, жастардың білім алуына оң әсер ететіндігі де сөз етілді.
Өмірзақ Озғанбаев, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:
- Елордамыздың биыл 20 жылдығын атап өткелі отырмыз. Осы 20 жылдың ішінде Қазақстанның рухани тініне үлкен үлес қосып келе жатқан ұжымның біреуі осы - «Наз» коллективі. Әртістердің, бишілердің жағдайын біліп, пікірлесіп, сөйлесу үшін Елбасымыздың бастамаларын түсіндіру үшін осындай мақсатпен келіп жатырмыз.
Ғазиза МҰХАМЕДЖАН