Жаңа салық кодексі бойынша елімізде теріден жасалған бұйымдарға бақылау белгісі енгізіледі. Бұл «Көлеңкелі бизнестің жолын кесіп, Қазақстанда жасалған және шетелден келетін өнімдерді қадағалаудың тиімді жолы», - дейді алматылық салықшылар. Олардың сөзінше, контрабандалық әрі контрафактілік өнімдерге тосқауыл болады. Сондықтан, қазір ірі мегаполисте кәсіпкерлердің 80-90 пайызы бақылау белгісіне тапсырыс беріп үлгерген. Осының нәтижесінде, тұтынушылар тауарлардың сапасына қарап, сатып ала алады.
Еділ Әзімшайық, Әуезов аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:
- Бақылау тек қана Қазақстанда ғана емес, жалпы Еуразиялық Одақ көлемінде жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс 2015-2016 жылдары жүргізілуі керек болған, кейінгі қосылған мемлекеттердің заңды құжаттары дайын болмағаннан 2017-2018 жылдарға шегерілді. Қазақстан бұл жұмысты 18 жылдан бастап жүзеге асырып жатыр.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ