Мәселен, қаладағы №1 емхана күніне 500-ге жуық науқасты қабылдайды. 400-ден астам маман қызмет атқарады. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Мекеме ұжымымен кездесуде Сенат депутаты Мәнәп Кубеновке осы мәселелер айтылды.
Жалпы, облысқа 300-ге тарта кәсіби дәрігер қажет. Жыл сайын жоғары оқу орындарымен келісімшарт жасалып, аймаққа жас мамандар тартылады. Бірақ, олардың көбі айналасы бір жылдың ішінде Астана, Алматы қалаларына кетіп қалады. Дәрігерлер сенаторға амбулаториялық ем қабылдаушыларға тиесілі дәрілердің де жеткіліксіз екенін де жайып салды.
Болат АМАНБАЕВ