Айтулы мерейтойға орай Алматыда халықаралық көрме ұйымдастырылды. Қос елдің қазіргі заманғы қолданбалы өнеріне арналған шараның басты мақсаты - мәдени байланысты арттыру. Мемлекеттердің әріптестігін нығайту.
Көрме аясында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттеріне халықаралық деңгейдегі индонезиялық зергерлер шеберлік сағаттарын өткізді.
Руни Палар, зергер:
- Зергерлік өнерде формулалар мен әдістерінде екі мемлекеттің мәдениетінде ұқсастықтар бар. Біз Қазақстанға бірінші рет келіп жатырмыз. Осы қарым-қатынастардың әрі қарай жалғаса беруіне өзіміздің үлесімізді қосамыз.
Руслан ҚОСАНОВ