Сапар барысында халық қалаулылары «Жайық ет» серіктестігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорында құс етін дайындаудың кластерлік жүйесі қалыптасқан. Нәтижесінде фабрика жылына 7 мың тонна мұздатылған құс етін өндіруге қауқарлы. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд. теңге. Қаржының 85 пайыздан астамы мемлекеттік бағдарлама аясында берілген жеңілдетілген несиеден болса, қалғаны кәсіпорынның өз қаражаты. Өз кезегінде өндірілген өнімнің 90 пайызы жергілікті нарыққа жол тартады. Кездесуде депутаттар кәсіпкердің ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.
Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің мемлекетіміз өзін-өзі азық-түлікпен 80 пайызға қамтып отыр. Бірақ, соның ішінде, дәл осы тауықтың еті тапшы. Оны біз қазір сырттан импорттап отырмыз. Біздің алдымызда тұрған басты мәселе - ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толтыру. Бұл үшін осындай құс фабрикалары ашылу керек.