Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» басқармасының төрағасы Жандар Омаров мәлімдеді. Жиында осы салада жүрген кәсіпкерлерге несие беру механизмдері талқыланды. Жеңілдетілген несиелер 5 жылға дейін, ал, мал шаруашылығы саласы үшін 7 жылға дейін мерзімге беріледі. Былтыр осы бағдарлама аясында 5,5 мыңнан астам жобаға 19,3 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген екен. Оның 3,5 мыңға жуығы қанатқақты жобалар.
Жандар Омаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы:
- Биыл шағын несиелеудің көлемі 20 млрд. теңгеге ұлғайып, жылына 62 млрд. теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, өз бизнесін бастауға және кеңейтуге мүмкіндік алған қазақстандықтардың саны 14 мыңға жетеді деп күтілуде.
Альбина ӘШІМ